Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

Call-центр:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Телефон доверия

+7(7172)28-91-70

*Бөлім меңгерушісі* – Кушербаева Роза Темешовна

*Күндізгі стационар* емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол 2-қабатта орналасқан, төсек-орын саны – 41. Процедуралар екі ауысыммен жүргізіледі. Күндізгі стационарда емдеу жоспарлы түрде жүзеге асырылады, егер пациентте күндізгі стационарда емделуге жіберу қағаздары, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ осы пациентті емдеуге қажетті профильді мамандардың консультациялары болса.

*Міндеттері:*
* Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
* Кәсіби және мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
* Күндізгі стационарда емделуге жағдайы тәулік бойы бақылауды және емдеуді қажет етпейтін ауруларға медициналық көмек көрсету;
* Диспансерлік науқастарға, ауру қаупі жоғары тұлғаларға, сондай-ақ жағдайы тәулік бойы бақылауды қажет етпейтіндерге емдеу-профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
* Тәулік бойы аурухана көмегін қажет етпейтін өткір аурулары бар науқастарды, сондай-ақ созылмалы аурулары және асқынусыз жүкті әйелдері бар науқастарды жалпы стационарлық желіден босату;
* Жедел патологиясы бар науқастарға кешенді және уақытылы ем жүргізу, тәулік бойы стационарлық емдеуді қажет етпейтін созылмалы патологиясы бар науқастарға, денсаулық сақтау ұйымына бекітілген науқастарға ауруханаға жатқызуды болдырмау және тұрақты нәтижелерге жету мақсатында ем жүргізу;
* Бірінші рет диагноз қойылған немесе созылмалы ауруы бар науқастарға қолайлы терапия таңдау;
* Тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін хирургиялық манипуляциялар жүргізу.

*Бөлімнің функциялары:*
* Аурушаңдығы жоғары топтағы және ұзақ немесе жиі ауыратын тұлғаларды профилактикалық сауықтыру;
* Емделушілерге, мүгедектерге, жүкті әйелдерге реабилитациялық және сауықтыру мақсатында кешенді ем жүргізу;
* Бірінші рет диагнозы қойылған немесе созылмалы ауруы бар науқастарға, аурудың ауырлық дәрежесі өзгергенде, тиісті терапияны таңдау;
* Амбулаторлық жағдайда операциядан өткен науқастарды кейінгі медициналық бақылау;
* Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, пациенттердің емдеу мерзімдерін қысқарту;
* Госпитализациясыз тұрғылықты жерінде білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік беру.

*Күндізгі стационар* ересектерге арналған ғимараттың 3-қабатында орналасқан және 41 ересек төсек-орынға есептелген.

*Балаларға арналған күндізгі стационар* балалар бөлімінің 2-қабатында орналасқан және 12 төсек-орынға есептелген.

Процедуралар екі ауысыммен жүргізіледі. Күндізгі стационарда емдеу жоспарлы түрде жүзеге асырылады, егер пациентте күндізгі стационарда емделуге жіберу қағаздары, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ осы пациентті емдеуге қажетті профильді мамандардың консультациялары болса.

2014 жылдан бастап күндізгі стационарда амбулаторлық хирургия орталығы ашылды, мұнда күрделі емес хирургиялық операциялар жүргізіледі.