Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

Call-центр:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Телефон доверия

+7(7172)28-91-70

Ақылы бөлімшеде кең ауқымды медициналық қызметтер ұсынылады, оның ішінде тәжірибелі мамандардың консультациялары, шағын хирургиялық операциялар, аспаптық және зертханалық зерттеулер.

Қабылдауды терапевт, гинеколог, невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, уролог, травматолог жүргізеді.

*Медициналық тексерулердің түрлері:*

* Кәсіпорын, ұйым немесе мекеме қызметкерлерінің кезеңдік медициналық тексерулері (ф-086/у)
* Оқу орындарына қабылданатын тұлғаларға медициналық анықтама (ф-086/у)
* Жүргізуші комиссиясына медициналық анықтама (ф-083/у) – көлік құралын басқаруға рұқсат алу.
* Шетелге шығу үшін медициналық анықтама (ф-082/у)
* Қару-жарақ комиссиясы үшін медициналық анықтама (ф-108/у) – қару сатып алу және сақтау құқығына рұқсат.
* Спортшыларға медициналық тексеру
* ЦВВК ресімдеуі
* Санитарлық кітапшаны ресімдеу
* Бассейнге анықтама ресімдеу

*Аспаптық-диагностикалық зерттеулер түрлері:*
* УЗИ
* Функционалдық диагностика
* Рентгенография

*Зертханалық-диагностикалық зерттеулер түрлері:*
* Клинико-диагностикалық зерттеулер
* Бактериологиялық, бактериоскопиялық зерттеулер
* Жеке тексеру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі бар

Қан тапсыру процедурасы бір рет қолданылатын вакуумды жүйелер арқылы жүзеге асырылады, бұл пациенттер үшін ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

*Физиотерапевтік процедуралар:*
Поликлиникада денсаулықты қалпына келтіру, нығайту және ұзақ жылдар бойы оны сақтау үшін қажетті барлық жабдықтар бар. Барлық емдік қалпына келтіру процедуралары физиологиялық және ауыртпалықсыз, сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайыңызға сәйкес таңдалады. Поликлиникада тек Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен мақұлданған қауіпсіз және тиімді емдеу әдістері қолданылады.

*Ақылы бөлімшенің байланыстары:*
8 (7172) 28 95 33; ұялы телефон: 8 701 031 66 04