Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру мәселері бойынша кеңесті 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығынан алуға болады. Қазақстанның барлық аумағына ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін. Жұмыс күндері байланыс орталығы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мереке және демалыс күндері, сондай-ақ түнгі уақытта халыққа IVR қызмет көрсетеді. Бұл байланыс орталығының ішіндегі қоңыраулардың бағытын анықтайтын алдын-ала жазылған дауыстық хабарламалар жүйесі. Егер өтініш дереу араласуды қажет етсе, жүйе оны тәулік бойы жұмыс істейтін аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының байланыс орталықтарына жібереді. Егер мәселе түсіндіру, консультациялық сипатта болса, ол жүйеде сақталады және келесі күні байланыс орталығының операторлары өз функционалына кіріскен кезде мәселе тіркеледі және жұмысқа қабылданады. Мобильді қосымша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Кері байланыс арналарының бірі-Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Оның көмегімен дәрігерлердің немесе медициналық ұйымдардың атына жүгінулер, алғыстар, МӘМС және ТМККК шеңберіндегі жұмысқа қатысты ұсыныстар қалдыруға, медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктей аласыз: