Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

 

 

 

 

 

“Шуақ” жастар денсаулық орталығының гинекологы №20 орта мектепте репродуктивті денсаулық тақырыбында дәріс өткізді. Шара барысында маман оқушыларға өз денсаулығына мұқият қараудың маңыздылығы, репродуктивті жүйеге қатысты аурулардың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Дәрісте дұрыс тамақтану, гигиена және қауіпсіз әрі жауапты қарым-қатынастар туралы ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жыныстық денсаулық пен репродуктивті құқықтар жайлы маңызды сұрақтарға жауаптар берілді, және мифтерді жоюға көмектесті.

 

 

“Шуақ” жастар денсаулығы психологтары №26 мектеп гимназияда “Темекі шегу және оның ағзаға әсері” тақырыбында лекция өткізді. Оқушыларға темекі шегудің адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға тигізетін зиянды әсерлері туралы маңызды ақпарат берілді. Лекция барысында мамандар темекінің құрамындағы қауіпті заттар мен олардың өкпе, жүрек және басқа органдарға қалай әсер ететінін түсіндірді.

 

Емханамыздың психологы Берікқазы С.Д. “Салауатты өмір салтының миға әсері” тақырыбында лекция өткізді. Лекция барысында салауатты өмір салты жайлы, дұрыс тамақтану, ұйқы жайлы айтылды.

 

 

   

 

 

 

Адам папиллома вирусы және оған қарсы вакцинация тақырыбында Раушан Абиловна өткізген лекция барысынан.

 

18.11.2024 - “Шуақ” жастар денсаулық орталығы психологтары №61 мектеп-лицейінде “Темекі және темекінің ағзаға кері әсері” тақырыбында лекция өткізді.