☀️“Шуақ” жастар денсаулық орталығы– 10–18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18–29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық бойынша медициналық, профилактикалық, психоәлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетеді.
Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер мен қолдау түрлерін алуға болады?
1. Репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандардың кеңес беруі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулыққа қатысты аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу (ЖЖБИ қоса алғанда);
4. Медико-психологиялық көмек (психологиялық диагностика, түзету қолдауы, кеңес беру).
💚 Жастар денсаулық орталықтарының жұмысының «Төрт Д» қағидасы:
💚 Доступность – Қолжетімділік
▸ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер – ТЕГІН
☀️Добровольность – Еріктілік
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау
💚 Доброжелательность – Ізгілік
▸ Орталықта қолдау мен достық атмосферасы қалыптасқан
☀️ Доверие – Сенім
▸ ЖДО мамандары құпиялылықты сақтайды, яғни сен дәрігерге айтқан барлық ақпарат тек екеуіңіздің араңызда қалады!
📍Ақан сері 20, Блок А, 2 қабат (арнайы кіру есігі бар).
📞 Сенім телефоны: 28-91-70
Бөлім меңгерушісі - Бердибекова Меруерт Бекмұратқызы
Шұғыл медициналық көмек бөлімі – алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының қызмет көрсету аймағындағы тұрғындарға жұмыс уақыты ішінде (08:00–20:00) шұғыл медициналық көмек көрсететін пилоттық жоба болып табылады. Бұл көмек кенеттен пайда болған ауру немесе созылмалы аурудың асқынуы жағдайында, ағзаның және жүйелердің айқын бұзылыстарысыз, науқастың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайда көрсетіледі.
Бөлім меңгерушісі – Бабажанова Майра Молдабайқызы.
Бөлімінің қызметтері:
- Поликлиникада және үй жағдайында науқас балаларға білікті емдеу-алдын алу көмегін көрсету;
- Бөлім дәрігерлерінің жүргізген диагностикасының дұрыстығын және емдеу шараларының толықтығын жүйелі түрде бақылау;
- Бөлім жұмыс тәжірибесіне озық емдеу, диагностика әдістерін және еңбек ұйымдастырудың заманауи формаларын енгізу;
- Жоспарлы түрде науқас балаларды ауруханаға жатқызу, міндетті түрде баланы жеке қарап, жолдама толтырудың дұрыстығы мен толықтығын қадағалау;
- Бөлім мамандығына сәйкес есепке алынған және жаңадан тіркелген науқас балаларға сапалы және тиімді диспансерлеу ұйымдастыру;
Бөлім меңгерушісі – Динтаева Акнур Абдрахмановна
Бөлімнің қызметтері:
- Поликлиникада және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету;
- Қызмет көрсетілетін халық арасында аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
- Жедел және созылмалы аурулармен ауыратын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды диспансерлеу;
- Халық арасында санитарлық-гигиеналық білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- Халықтың денсаулығына динамикалық бақылау жүргізу.
№3 Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдік көмек, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрілік қамтамасыз ету, психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Бөлім меңгерушісі – Федорова Марина Александровна
Бөлімнің қызметтері:
- Балалар мен ересек халықты амбулаториялық қабылдауды жүйелі түрде жүргізу;
- Балалар мен ересектерді толық жазылғанға дейін, тұрақты ремиссияға жеткенге дейін немесе көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызғанға дейін динамикалық бақылау және белсенді емдеу;
- Басқа бейіндегі дәрігерлердің жолдамасы бойынша науқастарға (поликлиникада және үйде) кеңес беру;
- Диспансерлік бақылау және сауықтыру;
- Науқастарға диагностикалық және емдеу процедураларын уақытылы орындауды бақылау;
- Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау, мүгедек балалар мен ересектерді медициналық оңалтуға іріктеу және жіберу;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
- Салалық бөлімдерге науқастарды ауруханаға жатқызу;
- Жоғары технологиялық медициналық қызметтерге науқастарды іріктеу;
- Аурушаңдық, мүгедектік себептерін және диспансерлеудің тиімділігін талдау.
№2 Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдік көмек, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрілік қамтамасыз ету, психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.