Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі - Абилдаева Гульжан Таргыновна 

Хирургиялық профильдегі мамандандырылған бөлім - емхананың құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім келесі мамандықтар бойынша *мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді*:

  • жалпы хирургия;
  • онкология;
  • маммология;
  • офтальмология (соның ішінде балалар офтальмологиясы);
  • оториноларингология (соның ішінде балалар оториноларингологиясы);
  • стоматология (балаларға да қызмет көрсетіледі);
  • травматология (балалар мен ересектерге);
  • проктология;
  • урология.

Бөлімнің жұмыстары:

  • науқастарды қабылдау және тексеру;
  • операциядан кейінгі науқастарды бақылау және емдеу;
  • хирургиялық науқастарды диспансерлеу;
  • поликлиниканың және мердігер ұйымдардың мамандары жіберген науқастарға жоспарлы және шұғыл кеңес беру;
  • жоспарлы науқастарды тексеру және *стационарлық емдеуге госпитализациялау* (госпитализация бюросының порталы арқылы және жоғары технологиялық медициналық қызметтер квотасы бойынша);
  • мердігер ұйымдардың тұрғындарына қызмет көрсету.

Таңу бөлмесінде (асептикалық және септикалық):

  • жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу;
  • сыртқы қан кетулерді тоқтату;
  • бөгде заттарды алу;
  • іріңді ауруларды ашу және өңдеу жүргізіледі.

Қосымша қызметтер:

  • Жүруі қиын немесе тасымалдауға келмейтін *мүгедек және ауыр халдегі науқастарға үйде кеңес беру және таңу* қызметтері көрсетіледі.