Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі – Федорова Марина Александровна

Бөлімнің қызметтері:

  • Балалар мен ересек халықты амбулаториялық қабылдауды жүйелі түрде жүргізу;
  • Балалар мен ересектерді толық жазылғанға дейін, тұрақты ремиссияға жеткенге дейін немесе көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызғанға дейін динамикалық бақылау және белсенді емдеу;
  • Басқа бейіндегі дәрігерлердің жолдамасы бойынша науқастарға (поликлиникада және үйде) кеңес беру;
  • Диспансерлік бақылау және сауықтыру;
  • Науқастарға диагностикалық және емдеу процедураларын уақытылы орындауды бақылау;
  • Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау, мүгедек балалар мен ересектерді медициналық оңалтуға іріктеу және жіберу;
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
  • Салалық бөлімдерге науқастарды ауруханаға жатқызу;
  • Жоғары технологиялық медициналық қызметтерге науқастарды іріктеу;
  • Аурушаңдық, мүгедектік себептерін және диспансерлеудің тиімділігін талдау.


№2 Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдік көмек, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрілік қамтамасыз ету, психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.