Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі - Бокаева Аида Айдархановна

Соматикалық профиль бойынша мамандандырылған бөлім –емхананың дербес құрылымдық бөлімшесі.

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:

Гастроэнтерология – өңеш, асқазан, он екі елі ішек патологиясын, өт жолдары мен бауырдың ауруларын, нәжістің өзгеруін, ішек қабыну ауруларын зерттеу және емдеу;

Аллергология– аллергияның тері көріністері, аллергиялық риниттер, тағамдық аллергия, бронхиальды астма, аллергологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру және емдеу;

  • *Кардиология* – вегетативті дисфункция, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кардиомиопатия, жүрек ақаулары, артериальды гипо- және гипертензия, жүрек жетіспеушілігі бойынша тексеру және емдеу;
  • *Пульмонология* – бронхиттер мен пневмонияны емдеу, тыныс алу мүшелерінің жиі ауыруы бойынша тексеру, ем таңдау, тыныс алу жолдарының созылмалы патологиясына күдік болғанда тексеру;
  • *Ревматология* – түрлі буын патологиялары (реактивті артрит, жасөспірім ревматоидты артрит және т.б.), дәнекер тінінің диффузды ауруларын тексеру және емдеу;
  • *Неврология* – неврологиялық патологияларды тексеру және емдеу, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары, нейроинфекциялар, тамырлық бұзылулардың, вегетативті дисфункциялардың нәтижелері бойынша ем тағайындау, профилактикалық тексеру;
  • *Нефрология* – бүйрек пен зәр шығару жолдарының қабыну аурулары, даму ақаулары, гломерулярлық ауруларды тексеру және емдеу;
  • *Эндокринология* – зат алмасу бұзылыстары, қалқанша без патологиясы және басқа эндокриндік бұзылыстарды тексеру және емдеу, профилактикалық тексеру жүргізу;
  • *Психотерапия* – жүйке-психикалық бұзылыстар бойынша консультация және емдеу, психопрофилактика және психокоррекция жүргізу;
  • *Геронтология* – егде жастағы және қарт адамдарға созылмалы мүгедектікпен сипатталатын аурулар кезінде ұзақ мерзімді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, өзін-өзі күту қабілетінен жартылай немесе толық айырылған науқастарға арналған, белсенді ұзақ өмір сүру мен өмір сапасын жақсарту мақсатында;
  • *Инфекциялық қызмет* – ішек инфекциялары, ауа тамшылары арқылы берілетін инфекциялар бойынша науқастарды қарау және емдеу, қажет болған жағдайда бактериологиялық, вирустық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу, гельминтоздар, вирустық инфекцияларды бақылау, иммунитет тапшылығы жағдайындағы пациенттерді емдеу.