Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі – Исламова Айгерим Бахрамидинқызы

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі – халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі - халыққа профилактикалық қызметтер, амбулаториялық жағдайда және үйде әлеуметтік әрі психологиялық қызметтер көрсетеді.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Тіркелген халыққа профилактикалық және скринингтік тексерулерді жүзеге асыру;
  • Ауруларды ерте кезеңде анықтау, аурулардың дамуы мен қауіп факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту және қалыптастыру;
  • Тіркелген халыққа психологиялық көмек пен әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • Жасөспірімдер мен жастарға түрлі мәселелер бойынша психологиялық көмек көрсету;
  • Психотерапиялық әдістермен медициналық көмек көрсету;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыру;
  • Профильдік бағыттар бойынша «Денсаулық мектептері» мен Жастар денсаулық орталығының қызметін ұйымдастыру;
  • Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізу.