Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі - Бердибекова Меруерт Бекмұратқызы

Шұғыл медициналық көмек бөлімі  – алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының қызмет көрсету аймағындағы тұрғындарға жұмыс уақыты ішінде (08:00–20:00) шұғыл медициналық көмек көрсететін пилоттық жоба болып табылады. Бұл көмек кенеттен пайда болған ауру немесе созылмалы аурудың асқынуы жағдайында, ағзаның және жүйелердің айқын бұзылыстарысыз, науқастың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайда көрсетіледі.