Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бөлім меңгерушісі – Динтаева Акнур Абдрахмановна

Бөлімнің қызметтері:

  • Поликлиникада және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету;
  • Қызмет көрсетілетін халық арасында аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
  • Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
  • Жедел және созылмалы аурулармен ауыратын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды диспансерлеу;
  • Халық арасында санитарлық-гигиеналық білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
  • Халықтың денсаулығына динамикалық бақылау жүргізу.

№3 Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдік көмек, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрілік қамтамасыз ету, психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.