Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

☀️“Шуақ” жастар денсаулық орталығы– 10–18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18–29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық бойынша медициналық, профилактикалық, психоәлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетеді.

Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер мен қолдау түрлерін алуға болады?
1. Репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандардың кеңес беруі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулыққа қатысты аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу (ЖЖБИ қоса алғанда);
4. Медико-психологиялық көмек (психологиялық диагностика, түзету қолдауы, кеңес беру).

💚 Жастар денсаулық орталықтарының жұмысының «Төрт Д» қағидасы:

💚 Доступность – Қолжетімділік
▸ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер – ТЕГІН

☀️Добровольность – Еріктілік
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау

💚 Доброжелательность – Ізгілік
▸ Орталықта қолдау мен достық атмосферасы қалыптасқан

☀️ Доверие – Сенім
▸ ЖДО мамандары құпиялылықты сақтайды, яғни сен дәрігерге айтқан барлық ақпарат тек екеуіңіздің араңызда қалады!

📍Ақан сері 20, Блок А, 2 қабат (арнайы кіру есігі бар).
📞 Сенім телефоны: 28-91-70