Бөлім меңгерушісі – Бабажанова Майра Молдабайқызы.
Бөлімінің қызметтері:
- Поликлиникада және үй жағдайында науқас балаларға білікті емдеу-алдын алу көмегін көрсету;
- Бөлім дәрігерлерінің жүргізген диагностикасының дұрыстығын және емдеу шараларының толықтығын жүйелі түрде бақылау;
- Бөлім жұмыс тәжірибесіне озық емдеу, диагностика әдістерін және еңбек ұйымдастырудың заманауи формаларын енгізу;
- Жоспарлы түрде науқас балаларды ауруханаға жатқызу, міндетті түрде баланы жеке қарап, жолдама толтырудың дұрыстығы мен толықтығын қадағалау;
- Бөлім мамандығына сәйкес есепке алынған және жаңадан тіркелген науқас балаларға сапалы және тиімді диспансерлеу ұйымдастыру;