Бөлім меңгерушісі – Динтаева Акнур Абдрахмановна
Бөлімнің қызметтері:
- Поликлиникада және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету;
- Қызмет көрсетілетін халық арасында аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
- Жедел және созылмалы аурулармен ауыратын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды диспансерлеу;
- Халық арасында санитарлық-гигиеналық білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- Халықтың денсаулығына динамикалық бақылау жүргізу.
№3 Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдік көмек, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрілік қамтамасыз ету, психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.