Бөлім меңгерушісі – Исламова Айгерим Бахрамидинқызы
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі – халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі - халыққа профилактикалық қызметтер, амбулаториялық жағдайда және үйде әлеуметтік әрі психологиялық қызметтер көрсетеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Тіркелген халыққа профилактикалық және скринингтік тексерулерді жүзеге асыру;
- Ауруларды ерте кезеңде анықтау, аурулардың дамуы мен қауіп факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту және қалыптастыру;
- Тіркелген халыққа психологиялық көмек пен әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Жасөспірімдер мен жастарға түрлі мәселелер бойынша психологиялық көмек көрсету;
- Психотерапиялық әдістермен медициналық көмек көрсету;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыру;
- Профильдік бағыттар бойынша «Денсаулық мектептері» мен Жастар денсаулық орталығының қызметін ұйымдастыру;
- Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізу.