Бөлім меңгерушісі - Абилдаева Гульжан Таргыновна
Хирургиялық профильдегі мамандандырылған бөлім - емхананың құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім келесі мамандықтар бойынша *мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді*:
- жалпы хирургия;
- онкология;
- маммология;
- офтальмология (соның ішінде балалар офтальмологиясы);
- оториноларингология (соның ішінде балалар оториноларингологиясы);
- стоматология (балаларға да қызмет көрсетіледі);
- травматология (балалар мен ересектерге);
- проктология;
- урология.
Бөлімнің жұмыстары:
- науқастарды қабылдау және тексеру;
- операциядан кейінгі науқастарды бақылау және емдеу;
- хирургиялық науқастарды диспансерлеу;
- поликлиниканың және мердігер ұйымдардың мамандары жіберген науқастарға жоспарлы және шұғыл кеңес беру;
- жоспарлы науқастарды тексеру және *стационарлық емдеуге госпитализациялау* (госпитализация бюросының порталы арқылы және жоғары технологиялық медициналық қызметтер квотасы бойынша);
- мердігер ұйымдардың тұрғындарына қызмет көрсету.
Таңу бөлмесінде (асептикалық және септикалық):
- жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу;
- сыртқы қан кетулерді тоқтату;
- бөгде заттарды алу;
- іріңді ауруларды ашу және өңдеу жүргізіледі.
Қосымша қызметтер:
- Жүруі қиын немесе тасымалдауға келмейтін *мүгедек және ауыр халдегі науқастарға үйде кеңес беру және таңу* қызметтері көрсетіледі.