Бөлім меңгерушісі - Қарнақбаева Қарлығаш Ибрагимқызы
Шұғыл медициналық көмек бөлімі – алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының қызмет көрсету аймағындағы тұрғындарға жұмыс уақыты ішінде (08:00–20:00) шұғыл медициналық көмек көрсететін пилоттық жоба болып табылады. Бұл көмек кенеттен пайда болған ауру немесе созылмалы аурудың асқынуы жағдайында, ағзаның және жүйелердің айқын бұзылыстарысыз, науқастың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайда көрсетіледі.