Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария  талқылау жоспарланып отыр.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау 2023 жылғы 22 мамыр мен 30 маусым аралығында екі бағыт бойынша жүргізілді:

1) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғаларды осы талқылауға  2023 жылғы 05 шілде күні  сағат 14:00  қатысуды сұраймыз. Астана қ., Ақан Сері к-сі, 20, кабинет 418.

Жария талқылауға қатысуға ниет білдірушілер 87755745821 телефоны бойынша хабарласа алады.