❗️ Кішкентай балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз. Шұғыл шығу керек болса да, көршілерден қарай тұруды өтініңіз. Сондай-ақ, өте кішкентай балаларды үлкен балалардың қамқорлығына ұзақ уақыт қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Ата-аналардың міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
❗️ Бала терезе алдына шыға алмау үшін барлық жиһаз түрлерін терезе маңайынан алыстатыңыз.
❗️ Масадан қорғайтын торларға сенбеңіз! Олар құлап кетуден қорғауға арналмаған.
❗️ Баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы құлыптар, балалар құлпын қойыңыз.
❗️ Балалармен ашық терезенің жанында болу қаупі туралы сөйлесіңіз.
❗️ Егер құлыптау құрылғысын орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын қажетінше бұрап қойыңыз.
Ата-аналарға арналған жадынама: балаларды терезеден құлап кетуден қалай қорғауға болады
- Толығырақ