Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

ХАБАРЛАНДЫРУ

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 5 қалалық емхана» МКК Байқау кеңесі Ішкі аудит қызметінің қаржы аудиторы лауазымына конкурстық іріктеу жүргізеді.

 

ІАҚ қаржы аудиторы келесі талаптарға сай болуы қажет, атап айтқанда:

Міндетті түрде

1) жоғары қаржы-экономикалық білімнің болуы;

          2)экономиканың әртүрлі салаларының қаржы-экономикалық құрылымдарының (бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы және экономика) жұмыс тәжірибесі, соның ішінде денсаулық сақтау саласында кемінде 3 жыл;  

Артықшылық

3) МОППВА әзірлеген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын білу; келесі куәліктердің немесе сертификаттардың біреуінің болуы: CIA ішкі аудит саласындағы сертификат (Certified Internal Auditor); аудитордың біліктілік куәлігі немесе АССА  алқаби бухгалтер сертификаты (Association of Certified Chartered Accountants) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы немесе CIPA (Certified International) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты  тіркелгі; CISA (Certified information Systems auditor) немесе CISM (Certified information security manager) немесе ITIL (Information technology infrastructure library) сертификаты; өзге де ұқсас халықаралық танылған куәлік немесе сертификат;

4) медициналық ұйымдарды халықаралық және ұлттық аккредиттеу стандарттарын, сондай-ақ медициналық қызметті тәуелсіз сараптау қағидаттарын білу;

5)  екінші жоғары заң білімінің болуы;

6) мүмкіндігінше мемлекеттік және шет тілін білу.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша ізденуші еңбек заңнамасында көзделген қосымша құжаттарды ұсынады.

Кандидаттардың іріктеуге қатысуы үшін құжаттар конкурстық іріктеуге қатысу үшін белгісі бар мөрленген конвертте ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 14 - 26 мамырға дейін, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс күндері, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ақан Сері көшесі, 20-үй, 414-кабинетте жүзеге асырылады. Жауапты тұлға: БК хатшысы   С.Ш.Исраилова

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 28-92-28 телефон арқылы хабарласыңыз.