Репродуктивті денсаулық апталығы – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасыны жоспарлау және осы бағыттағы маңызды мәселелер бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды шара.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен, тиісті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – халықты репродуктивті денсаулық саласындағы шынайы ақпаратпен және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәдениетін дамыту және репродуктивті жүйеге қатысты аурулардың алдын алу. Репродуктивті денсаулық апталығы – дені сау және ақпараттанған қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам!
15.05.2025 емханамызда репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша Ашық есік күні өтеді!
Ашық есік күні аясында гинекологтан, психологтан, урологтан, ЖТД-дан (жалпы тәжірибе дәрігерінен) кеңес алып, барлық қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға болады.
Баршаңызды асыға күтеміз!