Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

☀️“Шуақ” жастар денсаулық орталығы– 10–18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18–29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық бойынша медициналық, профилактикалық, психоәлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетеді.

Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер мен қолдау түрлерін алуға болады?
1. Репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандардың кеңес беруі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулыққа қатысты аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу (ЖЖБИ қоса алғанда);
4. Медико-психологиялық көмек (психологиялық диагностика, түзету қолдауы, кеңес беру).

💚 Жастар денсаулық орталықтарының жұмысының «Төрт Д» қағидасы:

💚 Доступность – Қолжетімділік
▸ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер – ТЕГІН

☀️Добровольность – Еріктілік
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау

💚 Доброжелательность – Ізгілік
▸ Орталықта қолдау мен достық атмосферасы қалыптасқан

☀️ Доверие – Сенім
▸ ЖДО мамандары құпиялылықты сақтайды, яғни сен дәрігерге айтқан барлық ақпарат тек екеуіңіздің араңызда қалады!

📍Ақан сері 20, Блок А, 2 қабат (арнайы кіру есігі бар).
📞 Сенім телефоны: 28-91-70

Республика шеңберінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы N5 қалалық емханасының медицина қызметкерлерімен бірлесіп, “Сарыарқа” ауданының жеке аумағын аралау жүзеге асырылды. Аралау барысында 2 отбасы профилактикалық есепке қойылды, 2 отбасы бойынша аудан әкімдігіне ақпарат жіберілді.

Instagram

 

Репродуктивті денсаулық апталығы – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасыны жоспарлау және осы бағыттағы маңызды мәселелер бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды шара.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен, тиісті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – халықты репродуктивті денсаулық саласындағы шынайы ақпаратпен және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәдениетін дамыту және репродуктивті жүйеге қатысты аурулардың алдын алу. Репродуктивті денсаулық апталығы – дені сау және ақпараттанған қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам!

15.05.2025 емханамызда репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша Ашық есік күні өтеді!
Ашық есік күні аясында гинекологтан, психологтан, урологтан, ЖТД-дан (жалпы тәжірибе дәрігерінен) кеңес алып, барлық қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға болады.
Баршаңызды асыға күтеміз!